Қостанай облысында мас жүргізушілер ұсталды

05.05.2025 16:41

7 күн ішінде медициналық айықтырғышқа 589 адам орналастырылды

Omar/unsplash.com/

Қостанай облысында бір аптаның ішінде ондаған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полияиция департаментінің мәліметінше, 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында облыста жедел жағдайдың қалай қалыптасқан.

Өткен аптада полицейлер жол қозғалысы ережелерін 3247 рет бұзғандарды анықтап, көлікті мас күйінде басқарған 32 жүргізушіні ұстады.

«7 күн ішінде медициналық айықтырғышқа 589 адам орналастырылды. Бейнебақылау камераларының көмегімен 1040 құқық бұзушылық анықталды.

Ведомствода тұрғындарды құқық бұзушылыққа төзбеушілікке және барлық фактілер туралы полицияға 102 нөмірі бойынша хабарлауға шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала тынысын жақсартуға бағытталған 240 ұсыныс әзірленді