Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Белозерка ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» болып жарияланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Аlau.kz жазуынша, Қарасу ауданына қарасты Белозерка ауылы ресми түрде «Ішімдіксіз ауыл» болып жарияланды. Бұл шешім ауыл тұрғындарының бастамасымен, жергілікті биліктің, ақсақалдар мен жастардың белсенді қолдауымен қабылданды.

«Бұл шешім – балаларымыздың салауатты болашағына жасалған қадам. Біз ауылымыздың іргесі берік, бірлігі жарасқан, жаман әдеттерден ада болғанын қалаймыз. Тазалық пен сергектік – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен күштің белгісі», - дейді ауыл тұрғыны Мария Полтавская бұл бастаманы толық қолдай отырып.

Аталған бастама қоғам денсаулығын нығайтуға, мәдениеттің деңгейін көтеруге, тұрмыстық құқықбұзушылықтарды азайтуға және тұрғындар үшін жағымды, салауатты орта қалыптастыруға бағытталған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар айналымына бақылау күшейтілді

Новости партнеров