Ер адам қылмысты баланың анасы үйде болмаған кезде жасаған
Қостанай облысында ВИЧ (АИТВ) індетін жұқтырған жергілікті тұрғынға қатысты сот процесі аяқталды. Ол кәмелетке толмаған өгей қызын қорлаған деп айыпталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тішісі Аlau.kz-ке сілтеме жасап.
Ер адам қылмысты баланың анасы үйде болмаған кезде жасаған.
«Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, балаға қауіпті індет жұқпаған, бірақ қылмыстың өзі ауыр психологиялық зардаптарға әкеп соққан», - деп жазады жергілікті басылым.
Сот жәбірленушінің жағдайы мен жасын ескере отырып, жабық есік жағдайында өткені хабарланды.
"Кінәлі тұлға бұрыннан сотты болған және өзінің ВИЧ індетін жұқтырғанын білген, соған қарамастан саналы түрде қылмыс жасаған. Сол себепті ол бірнеше бап бойынша, соның ішінде кәмелетке толмаған баланы зорлау және ВИЧ инфекциясын жұқтыру қаупін қасақана тудыру бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыға әділ үкім шықты - ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазады басылым.
Оқи отырыңыз: Отбасымен бірге серуендеп жүрген: Павлодарда әйел адам көз жұмды