Қостанай облысында жұмысшыларды топырақ басып қалды: бір адам көз жұмды

12.09.2025 08:59

Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде

Depositphotos

Қостанай облысында магистральді су құбырын жөндеу кезінде жұмысшыларды топырақ басып қалды. Салдарынан бір жұмысшы Рудный қаласының ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға 13 тамызда болған. Рудный қаласында апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде топырақтың бір бөлігі опырылып түскен. Нәтижесінде екі жұмысшы зардап шеккен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Қорытынды процессуалдық шешім тергеу нәтижесіне сәйкес қабылданатын болады.

Оқи отырыңыз: 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалмақ