Алматы академиясына бакалавриат бағдарламасымен оқуға он алты жасқа толған, орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматын алады
ҚР Ішкі істер Министрлігінің М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға құжат қабылдай бастады. Оқу орнының өкілдері Альбина Тұрғынбаева мен Мадина Бейілқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда академияға түсудің ережесі мен талабы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ішкі істер саласына кәсіби кадрлар даярлайтын 70 жылдық тарихы бар академия - еліміздегі ең үлкен оқу орны.
Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының оқытушысы Альбина Тұрғынбаеваның айтуынша, академия криминалды полицияның, киберқылмыспен күрес бөлімшелерінің, әкімшілік полицияның, сонымен бірге тергеу бөлімшелері, ақпараттандыру мен байланыс қызметінің мамандарын даярлайды.
Оқу бағдарламасына мыналар кіреді:
«Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл» мен «Ішкі істер органдарының жұмысын IT-криминалистика тұрғысынан қамтамасыз ету (Цифрлы криминалистика)» бағдарламасына түскендер әріптес ЖОО-ның қосдипломды бағдарламасымен оқи алады.
Алматыдағы академияда оқудың артықшылығы:
Алматы академиясына бакалавриат бағдарламасымен оқуға он алты жасқа толған, орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматын алады.
Оған:
Байқауға қатысу үшін кем дегенде 50 баллдан, оның ішінде әр пәннен 5 баллдан жинауы тиіс. «Оқу сауаттылығы» мен «математикалық сауаттылық» пәнінен өту балы 3 баллдан төмен болмайды.
Алған балына, медициналық тексерістен өткенін растайтын қорытындысына қарай, дәрігерлік тексеру мен ҰБТ-дан сәтімен өткендерді кейін Алматы академиясына шақырады дейді, оқытушы-әдіскер Мадина Бейілқызы.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Гвардиясында әскери міндетін өтегендерді, алған балы талапқа сай келетіндерін, ҰБТ-дан 100 не одан да жоғары балл алғандарын, спорт шеберлерін, жұмыс барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің балаларын байқаудан тыс қабылдаймыз», - дейді, кәсіби даярлық факультетінің оқытушы-әдіскері Мадина Бейілқызы.
Кандидаттар іріктеу кезінде мына мына жаттығудан да өтеді:
Оқи отырыңыз: Қазақ ұлттық аграрлық университеттің үш жатақханасы қайтарыла ма