Бірнеше өңірде ірі қару-жарақ арсеналы табылды

12.05.2026 10:11

Аталған деректер бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізілуде

пресс-служба КНБ

Осы жылдың сәуір айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда қару-жарақтың заңсыз айналымына тосқауыл қою бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, — деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барлығы 63 бірлік қару тәркіленді, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті штурмдық гранатаатқышы, сондай-ақ 4 граната мен 188 оқ-дәрі бар.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 килограмм болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылып, тәркіленді.

Аталған деректер бойынша жедел-тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда 11-17 мамыр аралығында ауа райы қандай болады