Құқық қорғау органдарының өкілдері 4120 метр биіктікті бағындырды

23.06.2025 10:41

Жол бағыты Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті

polisia.kz

Алматы облысындағы шыңға Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бірге шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп – әділетті мемлекеттің негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Онсыз экономикалық даму, инвестиция тарту және халықтың сенімі мүмкін емес. Әділеттілік қоғамның қалыпты жағдайына айналуы тиіс, ал заңсыздық сирек құбылыс болуы қажет. Тек осылай ғана әр азамат өзін қауіпсіз сезінетін заманауи мемлекет құруға болады.

Жол бағыты Тұйықсу мен Мынжылқы шатқалдары, Альпинград алаңы және Маншүк Мәметова атындағы асу арқылы өтті.

Оқи отырыңыз: Алматы өнеркәсібі 5 айда триллион теңгеге жуықтады