Құлсарыдағы автобус апаты: 6 адам дәрігерлердің бақылауында

13.06.2025 14:43

Рөлге ие бола алмаған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған

Фото видеодан алынды

Атырауда да апат. Өңірге қарасты Құлсары қаласында кеше қоғамдық көлік бағанаға соғылып, 6 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір олар дәрігерлердің бақылауында. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал рөлге ие бола алмаған жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ ол жол жиегіндегі жылдамдықты өлшеу камерасын құлатыпты. Қазір іс сотқа жолданды.

«Жылыой аудандық орталық ауруханасына аталған жол-көлік оқиғасынан кейін 6 адам көмекке жүгінді. Медициналық тексеру нәтижесінде барлығына жеңіл дене жарақаттары диагнозы қойылып, амбулаторлық ем алуға жіберілді. Пациенттердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Стационарлық емдеуге жатқызуға негіз жоқ», – деді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Әбдірахманов.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 85 демалыс орны заңсыз салынған