Мамандар аймақтағы барлық газ құю бекетін тексермек
Құлсары қаласында газ құю бекеттерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Салдарынан бір адам дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Қазір ол дәрігер бақылауында. Болжам бойынша өрт жанармай тасығыш дөңгелектер тұтанған. Төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта әрең сөндірген. Оған 8 қызметкер, 2 бірлік техника 5 қызметкер жұмылдырылыпты. Қазір оқыс оқиғаға қатысты тексеріс басталды. Мамандар аймақтағы барлық газ құю бекетін тексермек.
«Бензинді құю кезінде түтігінен от шарпып, одан автокөліктің дөңгелегі жанып кеткен көлік. Атырау облысы ТЖД қызметкерлері уақытында жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын сапалы әрі тиімді атқарды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Алдын-алу шараларымен қауіпсіздік талаптар бойынша жұмыстар жалғасуда», – деді Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары Аслан Закраилов.
Оқи отырыңыз: Білім саласындағы 20-ға жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды