Құрбан айттың алғашқы күнінде елімізде 35 мың отбасыға ет таратылды

07.06.2025 11:41

Сондай-ақ 210 әлеуметтік мекемеге ет үлестірілді

Аlmaty.tv

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың алғашқы күнінде 34 771 отбасыға ет таратылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv Мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және Qurban.muftyat.kz сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.

«6 маусымда, яғни Құрбан айттың алғашқы күні еліміз бойынша жалпы саны 20 797 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 997 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 18 876, ешкі – 970, ірі қара – 944, түйе – 16», - делінген хабарламада.

Құрбандық еті республика көлемінде 34 771 мұқтаж отбасы мен 210 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы маусым айының 8-і күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!» - дейді мүфтият өкілдері.

Оқи отырыңыз: Құрбан айт: Алматыда мал сойып-таратуға арнайы 12 мешіт белгіленді