Құрылыс кодексі – өте күрделі заң жобасы, оны сақтықпен дұрыс құрастыру маңызды - Бақытжан Базарбек

25.07.2025 15:40

Алматыда тау бөктерінде заңсыз құрылыс жүргізу, сейсмоқауіпсіздік, реновация сынды мәселелер талқыланды

«Құрылыс кодексі – өте күрделі заң жобасы, сондықтан оны сақтықпен дұрыс құрастыру маңызды». Бұл – Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбектің Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің алаңында өткен жиында айтқан пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, қалалық Мәслихат депутаттарынан бөлек, құрылыс саласындағы мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының мамандары қатысты. Онда қабылдануы тиіс Құрылыс кодексінің маңыздылығы атап өтіліп, негізгі тетіктері талқыланған. Бұл қатарда тау бөктерінде заңсыз құрылыс жүргізу, сейсмоқауіпсіздік, реновация сынды мәселелер бар.

«Құрылыс секторын көтеріп, құрылыс компанияларын марқайтып жіберген сияқтымыз. Олар заңды белшесінен басып, таудың бөктеріне дейін соғуды көздеп кеткен сияқты. Соның кесірінен көп нәрсені бақылауды жоғалтып алған сияқтымыз. Сондықтан ең бірінші Құрылыс кодексінде сәулет және қала құрылысы саласына бақылауды күшейтеміз», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек.

Оқи отырыңыз: Атырауда ортағасырлық күміс тиындар табылды