Құтқарушылар 5 газ баллонын үйден шығарып, жарылыстың алдын алды

22.09.2025 08:31

Зардап шеккендер жоқ

стоп кадр

Түнде Қарағанды қаласында Лихачев көшесінде екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында өрт оқшауланып, толық сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар бес газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Бұл — ықтимал жарылыстың алдын алды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда 22-28 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады