Құтқарушылар Алматы тауларында адасқан екі жасөспірімді төменге түсірді

03.11.2025 08:34

Оқиға орнына «БАУ» қалалық құтқару қызметінің экипажы шыққан

ТЖМ

Құтқарушылар Шүкір сарқырамасынан өз бетінше төмен түсе алмай қалған жасөспірімдерді тау етегіне аман-есен жеткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының құтқару қызметінің құтқарушылары биіктігі теңіз деңгейінен шамамен 2300 метр болатын Медеу ауданындағы Шүкір сарқырамасынан өздері түсе алмаған екі жасөспірімге көмек көрсетті.

Оқиға орнына «БАУ» қалалық құтқару қызметінің экипажы шыққан. Құтқарушылар жасөспірімдерді тауып, оларды қауіпсіз аймаққа дейін жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған және кейін үйлеріне өздері кеткен.

Оқи отырыңыз: Ауғанстан аумағында жер сілкінісі болып, дүмпуі Қазақстанда сезілді