Құтқарушылар өзенге батып кете жаздаған адамды аман алып қалды

17.06.2025 21:06

Ер адам өзеннен өтпек болып, сүрініп суға құлаған

ТЖМ ресми телеграм каналы

ТЖМ құтқарушылары ағыс бойымен батып бара жатқан ер адамды аман алып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай облысы ТЖМ қызметкерлері  68303 ә/б Ертіс өзенінің су айдынын патрульдеу кезінде 24 жастағы ер адамның суға батып бара жатқанын байқаған.

Құтқарушылар жедел түрде суға түсіп, азаматты жағаға алып шықты.

Белгілі болғандай, ер адам өзеннен өтпек болып, сүрініп суға құлаған. Медициналық көмек қажет болмады.