Құтқарушылар пәтерде жарғанат ұстап алды

04.07.2025 09:12

Ол жоғарғы қабаттағы пәтерлердің біріне кіріп, өздігінен шыға алмаған

James Wainscoat/unsplash.com/

Жезқазған қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел құтқару жасағының қызметкерлері ерекше шақыруға шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ведомствоның мәліметінше Жеңіс көшесінде орналасқан жоғарғы қабаттағы пәтерлердің біріне жарқанат кіріп, өздігінен шыға алмаған.

«ТЖМ құтқарушылары арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен жарғанатты ұстап алды», - деп жазылған хабарламада.

Егер Сіздің үйіңізге жарқанат ұшып кірсе:

  • онымен тікелей байланыста болудан аулақ болыңыз;
  • балалар мен үй жануарларын басқа бөлмеге шығарыңыз;
  • оны ақырын ұстаңыз да бостандыққа жіберіңіз.   

Оқи отырыңыз: Көкшетауда өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті ұсталды