Күйеуімнің жалақысын бермеді: Сәкен Майғазиевке қатысты дау шықты

03.02.2026 16:49

Бұл жолы оны жұмысшының жалақысын бермеді деп айыптап отыр

saken_maigaziyev

Әнші Сәкен Майғазиевке қатысты әлеуметтік желілерде тағы бір дау туындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жолы оны жұмысшының жалақысын бермеді деп айыптап отыр.

Түркістан қаласының тұрғыны Дариға Жолдас Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялап, SMart мектебі атынан күйеуінің үш ай еңбекақысы төленбегенін мәлімдеді. Келіншектің айтуынша, жұбайы жағдайға байланысты жұмысын жалғастырып келген, бірақ жалақы алмай, кредитке алған ноутбугы мен қосымша қарызға батуға мәжбүр болған. Кейін отбасылық жағдайына байланысты басқа жұмысқа ауысқан.

Оқи отырыңыз:  Жаңа өнімнен 5,8 млн тонна астық экспортталды