Күкіртті көміртек шектен тыс артқан: Маңғыстауда битум өндіретін кәсіпорынға тексеріс жүргізіледі

Мұнайлы ауданында тұрғындар бірнеше күн бойы жағымсыз иіске шағымданды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстауда битум өндіретін кәсіпорынның аумағынан ауаға күкіртті көміртек тарағаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, Ақтауда және оған жақын орналасқан Мұнайлы ауданында тұрғындар бірнеше күн бойы жағымсыз иіске шағымданды. Осыған орай, экологтар күндіз және түнгі мезгілде ауа сапасына мониторинг жүргізген. Нәтижесінде, битум зауытының санитарлық-қорғау аймағынан 2 күн қатарынан күкіртті көміртектің шектен тыс артқаны байқалған. Енді кәсіпорынға тексеріс жүргізілмек.

 «Күкіртті көміртек шектен тыс асып кеткені анықтадық. Бұл – өткір иісті, ауаға тез таралатын ластаушы зат. Сол себепті жел бағытымен бірге қала және Мұнайлы аумағында иістің шығуы байқалды», – деді Маңғыстау облыстық Экология департаменті зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің басшысы Қайсар Нәдірбек.

Оқи отырыңыз: Елімізде креативті индустрияны қолдау күшейеді

Новости партнеров