Күл астындағы көз: Сәбит Әбдіхалықтың тарихи-психологиялық романының тұсаукесері өтті

26.02.2026 18:45

Кеш барысында студенттер туынды желісімен сахналық қойылым ұсынып, көрерменді әсерлі күйге бөледі

Руханият әлемі жаңа романмен толықты. Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықтың «Күл астындағы көз» атты тарихи-психологиялық романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv 

Кітапта шынайы оқиға желісіне негізделген қан майдандағы ауыр тағдырлар мен ерлік рухы баяндалады. Кеш барысында студенттер туынды желісімен сахналық қойылым ұсынып, көрерменді әсерлі күйге бөледі. Әдеби іс-шара келушілерді терең ойға жетелеп, тарих үнін жүрекпен сезінуге мүмкіндік берді.

«Күл астындағы көз» – тарихи-психологиялық роман. Соғыс жайында емес, адам болып қалу жайында. Қазір әлемде соғыс өрті лаулап тұр, бірақ кітаптың түйіні – адамзаттың ең үлкен жеңісі, соғыспау», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіхалықов.

«Бұл өте ерекше роман. Біріншіден, соғыс кезіндегі небір қасірет баланың көзімен, баланың жан дүниесіменен баяндалады. Шығарманың айтатын идеясы өте көп, сондықтан сіздерге де оқуға кеңес беретін едім», – деді әдебиеттанушы, сыншы Әлия Бөпежанова.

Оқи отырыңыз: Рамазан: себепсіз сый – шынайы құрмет