Олар суретке түсу үшін республикалық маңызы бар тасжолдың бойына тоқтаған
Күнге қарай жүзін бұрған күнбағыс алқабы көздің жауын алады. Ал сол бір көрікті көрініс аясында суретке түсем деген ниет айыппұлмен аяқталуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv
Ақмола облысында күнбағыс алқабында суретке түсу үшін республикалық маңызы бар тасжолдың бойына тоқтаған 25 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың басым бөлігі бұл әрекеттің жол қозғалысына қауіп төндіретінін және заң бұзушылық саналатынын білмеген.
«Суретке түсу үшін кейбір жүргізушілер жоғары жылдамдықпен жүретін автожолдың бойына көліктерін тоқтатады. Алайда бұл аумақта тоқтауға тыйым салынған. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді. Биыл күнбағыс гүлдеген уақыттан бері құқық бұзушылық үшін 25-ке жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Альмира Рахматулина.
Оқи отырыңыз: Еліміздің 7 өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін