Күрд этносының елімізге келгеніне 80 жыл болды

Басқосуға жиналғандарға ұлттың әшекей-бұйымдары мен киімдері, күрд тілінде басылып шығатын газет-журналдар мен кітаптар көрсетілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазақ елінің қонақжайлығы мен қамқорлығы үшін айтар алғысымыз шексіз». Алматыда өткен «Бір ел – бір тағдыр» атты дөңгелек үстелге жиналған күрд этносының өкілдері бірауыздан осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған іс-шарада 80 жылдан бері қазақ халқымен тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан жұрттың тарихы, өмір салты мен қоғамның түрлі саласының дамуына қосқан үлесі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ басқосуға жиналғандарға ұлттың әшекей-бұйымдары мен киімдері, күрд тілінде басылып шығатын газет-журналдар мен кітаптар көрсетілді.

«Қазақ халқының жақсылығының арқасында біз осындай дәрежеге жетіп отырмыз. Бірнеше үй алып, салған мақтаныш емес. Бірақ осының өзі қазақ халқына борышым деп есептеймін»,– деді  «АХЫСКА» түрік этномәдени бірлестігі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хайруддин Тутадзе.

Оқи отырыңыз: Ертегі әлемі тәрізді: Алматыда Көктөбе телемұнарасының көшірмесі пайда болды

Новости партнеров