Сұлтан Қамалетдинов азаматтарды еркінен тыс көшеде көлікке отырғызып алып кетуге болмайды дейді
"Күштеп әскерге алып кетпес үшін, шақырту қағазын алғаннан кейін әскери бөлімге өз еркімен баруы керек". Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жастарға осындай кеңес береді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Сұлтан Қамалетдинов азаматтарды еркінен тыс көшеде көлікке отырғызып алып кетуге болмайды дейді. Десе де, Конституцияда жазылғандай әрбір азамат әскери борышын өтеуге міндетті. Егер ол міндетін орындамаса, оған заң бойынша шара қолданылуы керек деп санайды.
Журналистер Сұлтан Қамалетдиновтен әскерге шақырылғандарды еркінен тыс әскери бөлімге алып кететін қызметкерлерге қатысты қандай да бір шара қолданыла ма деп сұрады
«Мұндай фактілер болған. Қазір де кездеседі. Біз құқықтық мемлекетпіз. Егер азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, ол сотқа жүгінуге құқылы. Мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы лауазымында өз өкілеттігімді атқарып отырған кезеңде мұндай жағдайлар тіркелген жоқ», - деді ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.
Оқи отырыңыз: Оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі: сотталғандарға шыққан үкім өзгеріссіз қалды