Қала күніне орай Aport Mall West басты жүлде – пәтерді сыйға тартты

22.09.2025 20:06

Басты сыйлыққа Байтұғұзовтар әулеті ие болды

Алматы күнімен тұспа-тұс келген айтулы датаны Орта Азиядағы ең ірі орталық сән-салтанатымен атап өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Дәстүр бойынша пәтер ұтысы да ойнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Aport Mall West-тің 16 жылдығына орай үлкен пәтер ұтысын өткізудеміз. Вертекс компаниясымен бірге ұйымдастырылып отыр. Әркім 10 мың теңгеге сауда жасап, чегін ресепшнге өткізсе, қатыса алады,- деді Aport Mall West кешені басқарушысының орынбасары Сабыр Жансағымов.

Aport West – тек сауда емес, жайлы демалыс орны. Мұнда Funky Town, Funky World ойын-сауық парктері, АҚШ пен Еуропадан әкелінген аттракциондар, VR-аймақтар бар. 16 жыл ішінде 185 миллионнан аса қонақ қабылдаған орталықта бүгінде 250-ден аса кәсіпкер жұмыс істеп келеді.

Біздің компания үшін бұл маңызды сәт. Бірінші рет осындай іс-шараға қатысып отырмыз. Жеңімпаз отбасыға қуаныш сыйлағанымызға разымыз, - деді «Vertex AG» компаниясының PR-менеджері Әйгерім Раушанбек.

Басты сыйлыққа Байтұғұзовтар әулеті ие болды. Олар «Жайна» тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер жеңіп алды.

Өте қуаныштымын. Мұндай ұтыс болады деп ойламаппын. Барлық ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, - деді жеңімпаз Эльвира Байтұғұзова.

Aport Mall West келушілер үшін ұтыс ойындарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Теги: розыгрыш