Қымбат металл қорытпаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

02.10.2024 13:40

17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді

Ұлытау облысында қымбат металл қорытпаларын ұрлауды әдетке айналдырған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Олар "Қазақмыс" корпорациясының қауіпсіздік қызметімен бірлескен бақылау барысында анықталды. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 миллион теңге өнімін жымқырмақ болған. Олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сондай-ақ полиция 2 жыл бұрын кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелері мен жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топты әшкереледі.

"Көрсетілген фактілер бойынша 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Жиырмадан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді  ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Оқи отырыңыз: Техника тапшы: Жамбылдық диқандар өнімді қолмен теруге мәжбүр