Қысқы кезеңде сақтық шараларын сақтаңыз: ТЖМ ескерту жасады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ауа райы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі халықтың қауіпсіздігі мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қысқы кезеңде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бойынша кешенді іс-шаралар ұйымдастырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде, автожолдардағы төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Болжанған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты ТЖМ азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады:

  • дауылды ескертулер мен жедел ақпараттарын қадағалаңыздар;
  • қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарларға шықпаңыздар;
  • ауыл тұрғындарына қатты аяз, боран және көріну қашықтығы шектеулі жағдайда ұзақ жолға жаяу шықпаңыздар.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда немесе сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, өз орналасқан жеріңізді дереу 112 нөміріне хабарлаңыз.

Қазақстанның ТЖМ еске салады: тек ұқыптылық, сақтық шаралары және дер кезіндегі іс-қимыл қысқы кезеңде өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Оқи отырыңыз: Қолайсыз ауа райы: Астанада 700-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді

Новости партнеров