Қытайға тәулігіне 28 пойыз жіберілді: Достық станциясында рекорд орнатылды

12.08.2025 13:39

Қытайға экспорттық жүктер 1060 вагонға тиелді

Almaty.tv

2025 жылғы 9 шілдеде Достық станциясында Қытайға экспорттық жүктерді беру бойынша жаңа рекорд тіркелді. Тәулігіне 28 пойыз жөнелтілді, бұл 1060 вагонды құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетістік жоғары жауапкершіліктің, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ барлық қызметтері мен бөлімшелерінің және процеске тартылған іргелес тараптың іс-қимылдары мен кәсібилігін дәл үйлестірудің нәтижесі болды.

Компания трансшекаралық тасымалдардың әлеуетін арттыруды, логистикалық процестерді жетілдіруді және Қытай Халық Республикасымен теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: Биыл 340 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады