Пункттердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды
Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту — үздіксіз логистика мен сыртқы сауда ағынының негізгі көзі болып отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту — үздіксіз логистика мен сыртқы сауда ағынының негізгі көзі. Бүгінгі таңда Қапланбек, Атамекен, Көлжат және Алакөл сияқты 4 пункт пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған 5 пункт кезең-кезеңімен іске қосылады. Осылайша жаңғырту еліміздің сыртқы шекарасындағы тиісті пунктерді 100% қамтиды", — деді Қаржы министрі.
Бүгінгі таңда өткізу қабілеті орта есеппен 25%, оның ішінде Қытаймен шекарада — 37% ұлғайған. Пункттердегі өту уақыты 9 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқарды.
"CargoRuqsat электронды кезегі іске қосылып, 55 мың жүргізуші мен 145 мың көлік құралы тіркелді. Жаңғырту аяқталған соң барлық өткізу пункттері бизнес пен азаматтардың жылдам, қауіпсіз және ашық өтуін қамтамасыз ететін, сыртқы шекараны басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесіне қосылады", — дейді М. Тәкиев.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері бюджет түсімі 106,4% орындалды