Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды
Қызылорда облысында киік аулаған төрт адам қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары аясында «Тойота» көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында тіркелмеген қару, жарық түсіргіш құрал, 2 рация және арқан жіп табылыпты.
Ал автокөлік тіркемесінен 19 киіктің өлексесі анықталған. Қазір аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды.
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігімен жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрсұлтан Алтай.
Оқи отырыңыз: Таиландтан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды