Қызылорда облысында спорт мектебінің директоры мен бас есепшісі сотталды
Almaty.tv
Лауазымды тұлғалар бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры және бас есепшісі сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Лауазымды тұлғалар бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып, 21,7 миллион теңгеден астам мүліктік шығын келтірген. Нақтырақ тоқталсақ, спорт мектебінің директор 2018-2023 жылдар аралығында бюджет қаражатын бас есепшісінің көмегімен шотына аудартқан. Заңсыз әрекетке барған тұлғалар кінәсін мойындады. Сот үкімімен есепші 2 жылға, білім мекемесінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ сотталушылар лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына шеттетілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жылу инспекциясы бейнетіркеуіштермен қамтылды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35