Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған
Қызылорда облысында шаруашылыққа қажетті ұнтақ өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл өз кезегінде Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізбек. Тәулігіне 22 тонна өнім өндіруге қауқарлы жобаның құны 300 млн теңге. Ал шығарылған өнімнің 50 пайызы өзге елдерге экспортталады. Қазір мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мамандар жобаның екінші кезеңінде ылғалды майлық шығаруды жоспарлап отыр. Цех іске қосылған жағдайда 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
«Бұл – облыстағы тұңғыш жоба, терең өңдеу арқылы құрғақ ұнтақ шығару өндірісі. Дайын шикізат емес, дайындалмаған шикізаттан өнім шығады. Жобаның ауқымы мен тапсырысқа байланысты екінші ауысымды іске қосамыз», – деді зауыт директоры Жұбаныш Аманжолов.
Оқи отырыңыз: Үкімет егіс алқаптарын бақылайтын дрон сатып алуға қаржы бөлді