Телефон сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушіге танысы ерекше сәлемдеме алып келген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті кір сабынның ішіне телефон жасырып өткізбек болған.
"Сәлемдемені тексеру нәтижесінде мекеме қызметкерлері кір сабынның ішіне жасырылған телефонды тапты. Телефон сотталғандардың пайдалануына тыйым салынған заттардың қатарына жатады. Оны мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген күдіктегі қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабына сәйкес құжаттар сотқа дайындалып жатыр", — делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда автокөлік өртеніп, төрт адам көз жұмды