Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді
Қызылордада жалған құжат жасап, балықты шетелге экспорттаған кәсіпорын басшылары сотталды. Заңсыздықты Қаржылық мониторинг агенттігі анықтап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
«СПК Қызылорда Балық» лауазымды тұлғалары 2022 жылы кеден органдарына жалған мәліметтер ұсынып, 75 тоннадан астам көксерке етін Еуроодақ елдеріне заңсыз шығарған. Кәсіпорын балық өсіруге мүмкіндігі жоқ шаруашылықтардан балық сатып алғаны жөнінде жалған құжаттар рәсімдепті. Тексеру барысында бұл шаруашылықтардағы су айдындарының толықтай кеуіп қалғаны, ал құжаттарда көрсетілген жүк көліктерінің тасымалдау қызметін іс жүзінде атқармағаны және тоңазытқышпен қамтамасыз етілмегені анықталып отыр. Сот үкімімен кәсіпорынның құрылтайшысы мен директоры кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Мемлекет пайдасына 254 млн теңге көлеміндегі заңсыз табыс өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
«Қазалы аудандық сотының үкімімен «СПК Қызылорда Балық» жауапкершілгі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Ерхатов және серкітестіктің директоры Қайыпназарова ҚР Кеден шаруашылығы арқылы кедендік күні 254 миллион салмағы 75 тонна көксерке филесінің заңсыз алып шығуға әрекеттенгені үшін сотталды. Олардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы, 2-бөлігінң 4 және 5-тармақтарымен сараланып, Сот әрқайсысына мүлкі тәркілеусіз 2 жыл бас бостандығынан шектеу жасасын қолданды», – деді облыс бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеу басқармасының басшысы Медеу Таубай.
Оқи отырыңыз: 25 мыңнан астам мүгедектігі бар адам жұмыспен қамтылды