Қызылордада жастар бағдарламасымен жұмысқа тартылғандарға жалақы төленбей келген

Depositphotos
Depositphotos

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облыстық прокуратурасы жыл басынан бері 7145 жұмысшының құқығын, оның ішінде 6342 адамның конституциялық құқығын қорғады.

6 жұмыс беруші әкімшілік, 6 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. 

"Қадағалау актісі негізінде 601,3 млн теңге жалақы өндірілді. Мысалы, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 жасқа 264 млн теңге жалақы қарызы төленді", - деді Ризабек Ожаров. 

Қадағалаушы орган еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша да кемшіліктер тапты.

Облыстағы 8 мыңнан астам жұмыс беруші жұмысшыларын жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру туралы шарт жасамаған. Оның арасында күріш өсіру саласындағы іргелі құрылым — «Абзал және К» серіктестігі де бар. Компания 511 адамға байланысты шарт жасамаған. Кемшіліктер бойынша қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 55 жұмыс беруші 500-ден астам жұмысшысын жазатайым оқиғадан сақтандырды. 

 Оқи отырыңыз: Ақтауда концерт кезінде жүзден астам бала жоғалып кетті

Новости партнеров