Қызылордада жыл басынан бері 1,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді

10.10.2025 14:19

Өңірде жедел-профилактикалық іс-шаралар әлі де жалғасып жатыр

Қызылордалық полицейлер жыл басынан бері заңсыз айналымнан 1,5 тоннадан аса есірткі затын тәркілеп, 237 қылмыстық істің жолын кескен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Өңірде жедел-профилактикалық іс-шаралар әлі де жалғасуда. Тәртіп сақшылары көпқабатты үйлердің аулаларында, гараждар мен құрылыс аумақтарында, сондай-ақ қатынасы қиын аймақтарға әуеден барлау жұмыстарын жүргізіп, қылмыстық деректерді әшкере етіп отыр.

Бұдан бөлек, үй жағдайында қарасора өсірген 5 фитозертхана табылды.

«2025 жылдың 9 айында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласымен барлығы 237 құқықбұзушылық анықталды. Оның 66-ы – есірткі өсіру, 22-і – есірткі өткізу, 5-уі – есірткіні жарнамалау, 1-уі – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау. Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 кг есірткі заттары оның ішінде 188 кг марихуана, 437 гр гашиш, 1 тонна 360 кг сора өсімдігі, 9 кг көкнар 2 кг синтетикалық есірткі заттары тәркіленді», - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Оқи отырыңыз: Шымкент жастары 451 пәтерді заңсыз иемденген