Тыйым салу — ескірген әдіс. Ендеше, ақыл мен айланы ұштастыра әрекет ету маңызды. Almaty.tv бірнеше лайфхак ұсынады.
- Смартфонға балама ұсын.
Бала смартфонда қандай ойын ойнайды. Дәл сондай физикалық ойыншық не үстел ойынын тауып беріңіз.
- Лего, конструктор, сурет салу, пазл — қолды жұмысқа тартатын іс.
- Үй ішіндегі «квест ойыны»
- Ауладағы белсенді ойындар: доп, самокат, ролик.
- Экран уақытын бірге басқар
Бала уақытына өзі жауапты болуы үшін «уақыт таймерін» орнатып көріңіз.
Баланың гаджет қолдану уақытын ортақ келісіммен реттеңіз:
- «30 минут видео көріп, 1 сағат таза ауада ойнаймыз».
- «Сенбі-жексенбі күндері мультфильм көреміз, таза ауада серуендейміз».
- Үлгі көрсетіңіз.
Кім ұзаққа шыдайды? «Телефонсыз 1 сағатқа челлендж» жасап көріңіз.
- Үнемі телефонға үңіліп отырсаңыз, бала да соны қайталайды.
- Тамақ үстінде, ұйқы алдында өзіңіз де телефон ұстамаңыз.
- Бірге тамақ жасау, сурет салу, қыдыру — жақсы альтернатива.
- Смартфонды «жұмыс құралына» айналдыр.
Телефонды «үй тапсырмасын орындаған соң қолданатын құрал» етіп көрсетіңіз.
- Аудиоертегі, кітап қосыңыз.
- Бірге видео түсіріп, монтаждауды тапсырыңыз.
- Тілді бірге үйреніңіз.
- Бірге уақыт өткізу — ең мықты тәсіл
Бала асыға күтеді. «Әке немесе ана сағаты» деп арнайы уақыт бөліңіз.
- Бала неге қызығады? Сол тақырыпта бірге іс жасаңыз.
Үйдегі қалыптасқан ережені сіз де қадағалаңыз:
- Кешкі уақытта интернетті автоматты өшіріңіз.
- Смартфонды ұйықтайтын бөлмеге кіргізбеңіз.
Бала көргенін істейді.
Оқи отырыңыз: Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғай аламыз ба