Лайфхак: баланы смартфоннан ажырату үшін не істеуге болады

13.08.2025 10:56

Тыйым салу — ескірген әдіс

Depositphotos.com

Тыйым салу — ескірген әдіс. Ендеше, ақыл мен  айланы ұштастыра әрекет ету маңызды. Almaty.tv бірнеше лайфхак ұсынады.

  • Смартфонға балама ұсын.
  • Бала смартфонда қандай ойын ойнайды. Дәл сондай физикалық ойыншық не үстел ойынын тауып беріңіз. 

    • Лего, конструктор, сурет салу, пазл — қолды жұмысқа тартатын іс.
    • Үй ішіндегі «квест ойыны»
    • Ауладағы белсенді ойындар: доп, самокат, ролик.
  • Экран уақытын бірге басқар
  • Бала уақытына өзі жауапты болуы үшін «уақыт таймерін» орнатып көріңіз.

    Баланың гаджет қолдану уақытын ортақ келісіммен реттеңіз:

    • «30 минут видео көріп, 1 сағат таза ауада ойнаймыз».
    • «Сенбі-жексенбі күндері мультфильм көреміз, таза ауада серуендейміз».
  • Үлгі көрсетіңіз.
  • Кім ұзаққа шыдайды? «Телефонсыз 1 сағатқа челлендж» жасап көріңіз. 

    • Үнемі телефонға үңіліп отырсаңыз, бала да соны қайталайды.
    • Тамақ үстінде, ұйқы алдында өзіңіз де телефон ұстамаңыз.
    • Бірге тамақ жасау, сурет салу, қыдыру — жақсы альтернатива.
  • Смартфонды «жұмыс құралына» айналдыр.
  • Телефонды «үй тапсырмасын орындаған соң қолданатын құрал» етіп көрсетіңіз.

    • Аудиоертегі, кітап қосыңыз.
    • Бірге видео түсіріп, монтаждауды тапсырыңыз. 
    • Тілді бірге үйреніңіз.
  •  Бірге уақыт өткізу — ең мықты тәсіл
  • Бала асыға күтеді. «Әке немесе ана сағаты» деп арнайы уақыт бөліңіз.

    • Бала неге қызығады? Сол тақырыпта бірге іс жасаңыз.

    Үйдегі қалыптасқан ережені сіз де қадағалаңыз:

    • Кешкі уақытта интернетті автоматты өшіріңіз.
    • Смартфонды ұйықтайтын бөлмеге кіргізбеңіз.

    Бала көргенін істейді. 

    Оқи отырыңыз: Балаларды интернеттегі қауіп-қатерден қорғай аламыз ба