Әлем чемпионатының беташар ойыны Мехикода өтеді

11.06.2026 16:23

Футбол тарихындағы ең ауқымды аладоп аламанында 104 матч өтеді

Бүгін футболдан әлем чемпионаты басталады. Алғаш рет 3 елде өтетін жаһандық додаға тұңғыш рет 48 құрама қатысады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

19 шілдеге дейін жалғасатын футбол тарихындағы ең ауқымды аладоп аламанында 104 матч өтеді. Теңбіл доп бәсекесін көруге дүниежүзінің түкпір-түкпірінен 6,5 млн адам жиналады деп күтіп отыр.

Айта кетейік, беташар ойын бүгін Мексика Сити стадионында ұйымдастырылады. Сағат 24:00-ге жоспарланған матчта Мексика мен Оңтүстік Африка ойын өрнегін көрсетеді.

«Футболдан әлем чемпионаты басталады. 1930 жылдан бері бұл – XXIII әлем чемпионаты. Биылғы әлем чемпионатының басты фовариті – Испания, Франция, Аргентина, Португалия және Англия құрамалары. Топ бес құрама әзірге осындай. 78 ойынды Америка құрама штаттары, 13 матчты Мексика, 13 ойынды Канада қабылдайды. Шымылдық ашар ойын бүгін түнде Мексика мен Оңтүстік Африка арасында өтпек», – деді футбол комментаторы Нұрасыл Нұрсұлтан.

Оқи отырыңыз:  Еліміз мектептерінде күресті дамытуға бағытталған жүйелі жоба қолға алынды