ЛГБТ мен педофилияны насихаттағандар қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Мәжіліс депутаттары заңға тиісті нормаларды енгізбекші

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде ЛГБТ мен педофилияны насихаттағандар қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары заңға тиісті нормаларды енгізбекші. Қазір бұл мәселемен арнайы жұмыс тобы айналысып жатыр екен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Халық қалаулысы Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, порнографияны, зорлық- зомбылықты, қорлауды насихаттайтын, адам психикасына әсер ететін, әсіресе балаларды құқықбұзушылыққа итермелейтін кез келген әрекет заңмен қудаланады. Енді осының қатарына ЛГБТ мен педофилия насихатын да қоспақшы.  

«Айыппұл міндетті түрде әрі елеулі мөлшерде болуы керек. Егер ол құқықбұзушылық қайталанатын болса, әкімшілік жұмысқа тарту немесе 15 тәулікке қамау шаралары бар. Ал егер мұның бәріне қарамастан, адам сол әрекетті қайта жасап, оны насихаттаудан да тайынбаса, онда қылмыстық жауапкершілікке тарту керек деп есептеймін», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда көшеде жүрген жасөспірімге түйе шабуыл жасады

Новости партнеров