Тексеріс жұмыстары Қырғызстанмен шекаралас өткізу пунктерінде де күшейген
Жамбыл облысында небәрі 1 аптаның ішінде 18 мың литр ішімдік пен 19 мың қорап заңсыз темекі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шекарадан ешқандай рұқсат құжатынсыз өткен бұл тауарлар дүкен сөрелерінде лицензиясыз саудаланған. Биыл өңірде сауда орындарына 400 рет рейд ұйымдастырылған. Нәтижесінде контрабандалық жолмен ел аумағына кірген 20 мың 700 литр алкоголь, 374 500 бума темекі мен 17 тоннадан аса мұнай өнімдері анықталып, заңсыз айналымнан шығарылды. Тексеріс жұмыстары Қырғызстанмен шекаралас өткізу пунктерінде де күшейген.
«Шекара қызметімен бірлесіп 2025 жылдың 5 айында 341 заңсыз шығару фактісі тоқтатылды. Оның ішінде 149-ы мұнай өнімі, 176 түрлі тауар, 8 факт темекі өнімдерінің контрабандасы бар. Яғни 1 млн 293 мың 400 қорап темекі, 6 қайта жабдықталған бензобак, 2 алкоголь өнімдерінің заңсыз шығарудың жолы кесілді», – деді Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Гүлнұр Абдалиева.
Департамент мамандары кәсіпкерлердің шекарадан өтерде заңды белшеден басатынын айтты. Әсіресе өткізу пунктінде жалған мәлімет ұсынып, тауар санын құжатта кем көрсетеді. Мұндай дерек соңғы 5 айда 130-ға жеткен. Ал ереже елемегендерге 10 млн теңге айыппұл салынды.
Оқи отрыыңыз: Электр самокатын өндіретін компания: Ақтөбе облысында қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды