Медицина персоналының орташа жалақысы шамамен 2,5 есе өскен
2027 жылы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты денсаулық сақтау саласының негізгі қаржыландыру көзіне айналады. Бұл туралы Үкіметте жауапты ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, саланы қаржыландыру көлемі ұлғайса, халық сапалы қызметке қол жеткізеді. Ал медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайы жақсара түседі. Мәселен, соңғы 7 жылда бір адамға арналған медициналық шығыстар 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін өсіп, 2,6 есе артқан. Сонымен қатар медицина персоналының орташа жалақысы шамамен 2,5 есе өскен. Оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 159 мыңнан 442 мың теңгеге дейін көбейген.
«Медициналық санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық қызметтер саны 2,7 есе артты. МӘМС жүйесінің басты жетістіктерінің бірі әлеуметтік әділеттілікпенен медициналық көмектің жалпыға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 12 жаңа перзентхана салынады