Елімізде қант диабетімен ауыратын 530 мыңнан астам адам есепте тұр.
Қант диабетімен ауыратын адамдар дәріні тек міндетті әлеуметтік медициналық көмек арқылы алады. Осы уақытқа дейін дертке шалдыққандардың 95 пайызы сақтандырылса, қалған 1,5 мың адамның сақтандыру мәртебесі жоқ. Мұндай мәліметті МӘМС жүйесін талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы санаттағы науқастар жұмыс істейтін болса, онда жарнаны өздері төлеуі керек. Егер жұмыс істемесе, еңбек биржасында тіркеліп, жеңілдік алатын санатқа кіруі тиіс.
Айта кетейік, елімізде қант диабетімен ауыратын 530 мыңнан астам адам есепте тұр.
«Бірқатар адамдарда сақтандырылмаған, олар мәртебе алуы керек. Оған айына 4250 төлеп, жылына санағанда 51 мың болады. Жарнаны төлесе, қант диабетінің барлық дәріні, барлық зерттеуін тегін ала алады», – деді ҚР ДСМ МӘМС Талдау және жетілдіру департаментінің директоры Ләззат Шоманова
Келер жылы МӘМС жүйесіне қосымша бір миллионнан астам адам енеді.
Еске салайық, 14 шілдеде Президент МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге қол қойды. Құжатқа сай, 2027 жылдан бастап мемлекет төлейтін жарналар мөлшерлемесі біртіндеп артады. 2037 жылға қарай 4,7 пайызға өсіп, денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 2,8 триллион теңге тартылады. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 6 ай бойы жарна төлемеген азаматтар да дәрігерге қарала алады. Жаңа нормаға сай, егер 5 жыл үздіксіз жарна төлеп жүріп, белгілі бір жағдайға байланысты төлем жасалмаса, жарты жыл бойы сақтандырылған болып есептеле береді.
Айта кетейік, қазіргі қолданыстағы заңнамаға сай, 3 ай аударымы болмағандар дәрігерге қарала алмайды.
Оқи отырыңыз: Алматының онкологиялық орталығында жыл басынан бері 13 мыңнан астам науқас ем алды