МӘМС-ті төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін

04.12.2025 16:50

Норма қазір талқылауда

Almaty.tv

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлемегендерге несие берілмеуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа норма әзірлеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құжатта қомақты қаражат алуға өтініш берген азаматтың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешегі бар-жоғы ескерілетіні жазылған. Яғни, банктер өтініш берушінің несие қабілетін осы критерий бойынша да бағалайды. Мәселен, капиталы 100 миллиард теңгеден сәл асатын ұйым кредит алушының сұраған ақшасы 10 миллион теңгеден көп болса ғана МӘМС-тегі қарызына қарайды. Ал бұл сомадан аз болса, несие бере береді. Бұл көрсеткішті ескеру ұсынысын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жасаған. Норма қазір талқылауда. 

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан сиыр етін экспорттауға шектеу қойылды

 

 

 

Теги: несие МӘМС