Мәңгі оянған намыс: Желтоқсан қаһармандарын еске алу мақсатында байқау өтті

08.12.2025 16:48

Өнер сайысында қаланың 20 мектебінен келген 100-ден аса оқушы бағын сынады

Алматыда Желтоқсан қаһармандарын еске алу мақсатында «Мәңгі оянған намыс» атты байқау өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өнер сайысында қаланың 20 мектебінен келген 100-ден аса оқушы бағын сынады. Қатысушылар көркем сөз, вокал, ақындық және бейнелеу өнері бойынша 5 бағытта жарысып, үздік шыққандарына арнайы сыйлық пен дипломдар табысталды. Айта кетейік, байқау екі кезеңде өтті. Біріншісінде қатысушылар онлайн форматта іріктелсе, екінші бөлімде Гала концерт ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жас өрендердің өнерін қолдап, олардың патриоттық сезімін ояту.

 «Желтоқсан күніне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – балаларды тәрбиелеу. Тіліміз де шұбарланып кетті. Балаларды Отанын сүйуге тәриелеп жатырмыз. «Желтоқсан» оқиғасы қалай болды? Қандай жағдай әсер етті?Оқушылар оқып, біліп жүрсе, кейінгі буынға да айта жүреді», – деді Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев.

Оқи отырыңыз: Әди Шарипов десе, Белорусь халқы ішкен асын жерге қояды - Клара Мыңжасарова