Мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді қабылдады

21.05.2026 12:52

Түзетулер салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді

Аlmaty.tv

Мәжіліс жаңа Конституцияны іске асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» депутаттық заңды екінші оқылымда қабылдады,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түзетулер бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуымен, Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуымен, сондай-ақ азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгінуі кезіндегі мемлекеттік бажды алып тастаумен байланысты.

Ұсынылып отырған түзетулер құқықтық-техникалық сипатқа ие және заңнаманы жаңа институционалдық жүйеге сәйкестендіруге бағытталған.

Олар салық жүктемесін де, салық салу тетіктерін де өзгертпейді.

Оқи отырыңыз: Жақын күндері Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады