Магистратураға білім беру гранттарын тағайындау комиссия отырысы өтті

21.08.2026 17:35

Құжат қабылдау 2026 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі

Depositphotos.com

Бүгін 2026-2027 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғылым және жоғары білім министрлігінен хабарлағандай, республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.

Биылғы жылы конкурсқа қатысу үшін 23 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары».

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 25 тамызға дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2026 жылдың 28 тамызына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстан білім экономикасы үшін адами капиталдың жаңа моделін қалыптастырып жатыр

Толық көрсету