Магистратураға грант тағайындау конкурсының нәтижесі қашан шығатыны айтылды

Көрнекі фото: Аlmaty.tv
Көрнекі фото: Аlmaty.tv

Республикалық комиссияның жұмысы аяқталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған магистратураның мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысы аяқталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.

Комиссия отырысында үміткерлердің өтініштері қаралып, мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу қолданыстағы ережелер негізінде конкурс тәртібімен жүзеге асырылды.

«Биыл конкурсқа қатысу үшін 20 мыңнан астам өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артық. Болашақ магистранттар арасында ең сұранысқа ие білім беру бағыттары – «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», - делінген хабарламада.

Грант тағайындау конкурсының нәтижелері 23 тамыз күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығының ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Мектепке дайындық: киімді қай жерден тиімді бағамен алған дұрыс

Новости партнеров