Мал ұрлығы: Қызылордада бір тәулікте 3 дерек анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Өңірде тәртіп сақшылары жылжымалы бекеттер қойып, тәулік бойы тексеріс жасап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда мал ұрлығына қарсы күре жолға бекет қойылып, рейд басталғалы бірнеше өңірде қылмыс ашыла бастаған. Қызылордалық полицейлер бір тәулікте мал ұрлаудың 3 дерегін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірде тәртіп сақшылары жылжымалы бекеттер қойып, республикалық және облыстың маңызы бар жолдарда тәулік бойы тексеріс жасап жатыр.

"Іс-шараның бір күнінде облыс көлемінде бұрын жасалған 3 мал ұрлығы, ауыл шаруашылық жануарларын құжатсыз тасымалдаған7 дерек, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидасын бұзған 12, сондай-ақ ІІО-да тіркелмеген қаруды сақтаудың 1 дерек анықталды. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде мал ұрлығының тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда 49 пайызға төмендеген", – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Тоқтыбаев.

Оқи отырыңыз: Балық өсірушілерге субсидия төленуі мүмкін

Новости партнеров