Малға деп алып, жерге лақтырған: Атырауда нанды шашқан тұрғындар сынға қалды

Олар оны дүкеннен малға беру үшін алып, көгергендерін лақтырып кетіпті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда ас атасын далаға шашқан тұрғындардың әрекеті көпшіліктің ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада ерлі-зайыпты зейнеткерлердің қатып қалған және көгерген нанды оңды-солды шашып жатқаны таспаланған, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Олар оны дүкеннен малға беру үшін алып, көгергендерін лақтырып кетіпті. Наубайхана иесінің айтуынша, сөредегі кері қайтқан нанды ысырап болмасын деп мал ұстайтындарға арнап жинап қойған. Бірақ қажетін алып, қалғанын шашып кеткендерге наразы.

«Бір айдан бері жиналған нан көктеп кетіп жатыр, үлкен кісілер тегін алады, сатылмайды.Жүргізушілер келіп Сағыз, Мақат, Доссордан аулына апарып, малға береді. Жерге тастамаймыз», – деді наубайхана басшысы Венера Макишева.

Ал жауаптылар оқиғаға қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым келіп түспегенін айтты. Сондықтан тексеріс жүргізе алмаймыз деп отыр. Мамандар осы оқиғадан соң барлық наубайхана мен тамақтану орындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды қадағалауды талап етпек.

Оқи отырыңыз: Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате мен кемшілік анықталды – Аида Балаева

Новости партнеров