Малы жоқ, бірақ мемлекеттен субсидия алған күдікті ұсталды

30.10.2024 14:42

Түркістан облысының тұрғыны мемлекетке 200 млн теңге шығын келтірген 

Түркістан облысының тұрғыны мал шаруашылығына бөлінген субсидияны майшелпекке айналдырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 3 жыл бойы 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жалған мәлімет көрсеткен. Иелігінде болмаған ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алып отырған. Мемлекетке келтірген шығыны 200 млн теңге. Облыстық прокуратура сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Түркістан облысының прокуратурасы мал шаруашылығына бөлінген субсидияны аса ірі мөлшерде қаржыны жымқыру схемасын анықтады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті қамауға алынды", – деді Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Хурсанбек Юнусов.

Оқи отырыңыз: Қарғын су: Ұлытау облысында зардап шеккен 10 үйге қатысты жауаптылардың ісі сотқа жіберілді