Цифрландырылған жүйе кітап ретінде де шығарылып, қаладағы кітапханаларға таратылмақ
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мамандары ономастикалық корпус базасын жаңартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаңа жүйеде кісі есімдері мен жер-су, аспан денелері атауларының жиілігі көрсетіліп, өңделіп, ономастикалық мәтіндер жинағы толықтырылған. Сондай-ақ тілдегі жалқы есімдер тіркеліп, олардың қоры қалыптасты. Бүгінде «Ономастикалық ішкорпусында» 2 мыңға жуық өнім түрі, 12 миллион сөзқолданыстан тұратын мәтіндер базасы бар. Дереккөзді кез келген қазақстандық ашып көре алады. Цифрландырылған жүйе кітап ретінде де шығарылып, қаладағы кітапханаларға таратылмақ.
«Цирфландырып, жинақтап ғана қоймай, түрлі өңдеуден өткіземіз, яғни, этимологиясы, түсіндірмесі, мифологиялық атаулары бар. Қорқыт ата, Асан қайғы деген кім? Осы тәрізді мәдени-танымдық ақпарат келтірілген», – деді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Қыздархан Рысберген.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар автокөліктерді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға ала алады