Қазіргі таңда осыған ұқсас 17 алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр
Батыс Қазақстан облысында Қаратөбе полиция бөлімінің қызметкерлері өздерін жәбірленушінің балалары деп таныстырып, ақша сұраған алаяқтар тобын әшкереледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Топ үш күдіктіден құралғаны айтылды. Олардың бірі WhatsApp қосымшасы арқылы мұғалімдердің қызметін талқылау үшін құрылған жалпы чатқа кірген. Хабарламаларды қарап шыққаннан кейін ол чат мүшелерінің жеке чатына шығып, өзін баласы ретінде таныстырған. Артынша телефон нөмірінің жоғалып кеткенін айтып, банк картасының нөмірін сұратқан.
Кейбір тұрғындар хат жазушыға сеніп, карта мәліметтерін және CVV кодтарын жіберген. Артынша алаяқтар жәбірленушілердің есепшоттарынан ақша алып, арам жолмен тапқан ақшаларын достарымен бөлісу үшін қолма-қол ақша алуды ұйымдастырды.
Қазіргі таңда осыған ұқсас 17 алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің арасында басқа облыстардың тұрғындары да бар. Алаяқтардың әрекетінен келтірілген жалпы шығын шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Полицейлер азаматтарға бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлескенде ғана емес, жалпы чаттарда да абай болуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасырын есірткі зертханасы анықталды